ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАВЛОДАР ОБЛАСТЫҚ
АДВОКАТТАР АЛҚАСЫ

Әділет департаменті мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде Павлодар облыстық адвокаттар алқасының

01.12.2021 г.
Әділет департаменті мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде Павлодар облыстық адвокаттар алқасының

Павлодар облысының Әділет департаменті мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде Павлодар облыстық адвокаттар алқасының адвокаты З.О. Жунусованың қатысуымен Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесінде ағымдағы жылдың 25 қарашасында зейнеткерлер мен мүгедектермен кездесу ұйымдастырылды.
 
 Өткізілген іс-шара барысында қарттар үйінің қамқорлығындағы адамдарға білікті заң көмегі көрсетілді, сондай-ақ олардың кейбіреулеріне қосымша кешенді әлеуметтік заң көмегі көрсетілетін болады.
 
 Әділет департаменті барлық жеке және заңды тұлғалардың құқықтық ақпарат түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін тегін алуға құқығы бар екенін хабарлайды.
 
 Кешенді әлеуметтік заң көмегі: "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға; атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адамдарға; Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және оларға теңестірілген адамдарға; бірінші және екінші топтағы мүгедектерге; жасына байланысты зейнеткерлерге; қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектерге көрсетіледі.