ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАВЛОДАР ОБЛАСТЫҚ
АДВОКАТТАР АЛҚАСЫ

Қоғамдық қабылдау Әділет департаментімен бірлесіп

11.01.2022 г.
Қоғамдық қабылдау Әділет департаментімен бірлесіп

 

Әділет департаменті Павлодар облысының адвокаттар алқасы мен заң консультанттары палатасымен бірлесіп, азаматтарға тегін құқықтық консультация беру шеңберінде адвокаттар алқасы мен заң консультанттары палатасының алаңдарында қоғамдық қабылдау ұйымдастырды.

Тегін құқықтық кеңес алу үшін азаматтар жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін Павлодар облысының адвокаттар алқасына Павлодар қ., Бектұров к-сі, 115, 137-кеңсе және Лермонтов к-сі, 48, 3-кеңсе, Екібастұз қ., Б.Момышұлы к-сі, 40, 33-кеңсе мекенжайлары бойынша, жедел желі телефон нөмірлері - 8 701 511 88 07, 8 777 338 15 78, 8 777 066 66 13 арқылы жүгіне алады.

Павлодар облысының заң консультанттары палатасына  Павлодар қаласы, Ак.Сәтпаев к-сі, 71, 209-кеңсе, мекенжайы бойынша, жедел желі телефон нөмірі – 8 777 209 08 01 арқылы жүгіне алады.

Сондай-ақ, атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша Әділет департаментіне Павлодар қ., Астана к-сі, 18 мына мекенжайы бойынша жүгінуге болады немесе келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады 8 (7182) 653313, 704872, 8 708 466 63 82 (WhatsApp), сонымен қатар, 8 (7182) 326704 сенім телефоны жұмыс істейді.